<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<document>

Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік Кеңесінің 7-ші отырысы

Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік Кеңесінің 8-ші отырысы

Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік Кеңесінің 9-ші отырысы

КЕҢЕС ҚҰРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ

2018 жылғы "ҚР Білім туралы Заңына" (5-бапқа, 3-тармаққа, 13-тармаққа түзетулер) талқыланған түзетулерге байланысты ЖОО-ға мамандарды даярлау бағдарламаларын анықтауға дербес құқық берілді:

"...Университет жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынаста мамандар даярлау бағыттарының тізбесін анықтайды және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын дайындау бағыттарының жіктеуішін бекітеді»;

-"ҚБТУ" АҚ жұмыс берушілердің университеттің стратегиялық дамуына, сондай-ақ оқуға практикалық-бағытталған көзқарас пен Кеңес мүшелерінің университет дамуының оқу, ғылыми-зерттеу жоспарларына ұсыныстарын, қосарлы білім беру жүйесін іске асыру жолымен дайындалатын мамандардың сапасын жақсартуға ықпал етуін күшейтуді жоспарлап отыр.

Консультативтік кеңес құру ҚР Президенті Н.
Назарбаевтың индустрияландыру мен білім беру арасындағы байланыс қажеттілігі туралы Жолдауын бейнелейді, сондай-ақ "ҚБТУ" АҚ-тың экономиканың барлық секторларыдағы ҚР ірі жұмыс берушілерімен қалыптасқан көпжылдық ынтымақтастығын жүйелейді.

КЕҢЕСТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Кеңес мақсаты:

ҚР жетекші ғылыми-білім беру және инновациялық кластері ретінде ҚБТУ-дың даму стратегиясын қалыптастыруға ықпал ету.

Негізгі міндеттері:

- Білім беру қызметінде ҚБТУ мен бизнес құрылымдардың ынтымақтастығын нығайту және тиімділігін арттыру;

- Стратегия мен дамудың перспективалық бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

- Қазіргі заманғы нарық үрдістеріне сәйкес жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру үшін жаңа білім беру бағдарламаларын қарастыру және қажетті мамандықтар мен тиісті контингентті анықтау;

- Инфрақұрылымды дамыту жоспарлары бойынша кадрларды бірлесіп даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдар беру;

- Заманауи технологиялармен танысу және зерделеу үшін Қазақстанның энергетикалық, ақпараттық-технологиялық және қаржы - экономикалық секторының компанияларына профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың қол жетімділігіне ықпалын тигізу;

- Заманауи білім беру технологиялары мен үздік әлемдік тәжірибе құралдарын еңгізу;

- "Идея-Ғылым-бизнес" ғылыми және коммерциялық қызметінің тәжірибесі мен технологияларын беру.

КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Консультативтік кеңес жылына кемінде 3 рет жиналады.
Онда Стратегиялық даму мәселелерімен қатар, Университеттің Индустриалдық Комитеттерінің жұмыс қорытындыларын қарастырады.

ҚБТУ-да салалық факультеттер мен мектептер жанынан Индустриалдық Комитеттер (ИК) құрылды.
Олардың жетекшілері Кеңес құрамына кіреді.

ИНДУСТРИАЛДЫҚ КОМИТЕТТЕР

Миссиясы: университет пен индустрияның тиімді коммуникациясы платформасын құру арқылы білім беру бағдарламаларының сапасын және академиялық жетілдіруді арттыру.
ИК тиісті салаларда жаңа үрдістерді ілгерілету және оларды академиялық бағдарламаларға енгізу мақсатында ҚБТУ-ның мүшелері, профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғалымдары арасындағы сұхбат алаңы болып табылады.

ИК мүшелері студенттерді даярлаудың басым бағыттары бойынша ҚБТУ ұсыныстары мен кеңестерін беруде, оларды оқытудан кейін компаниялар мен кәсіпорындарда табысты жұмысқа орналастыру үшін маңызды рөл атқарады.

Комитеттер жетекші мамандар мен сарапшы-индустрия өкілдері (жұмыс берушілер), мемлекеттік органдар, түлектер, академиялық топтардан құралады.

ИНДУСТРИАЛДЫҚ КОМИТЕТТЕР

Мақсаттар:

- Индустриямен тығыз байланыс пен коммуникациялық платформа құру;

- ҚБТУ академиялық бағдарламаларының дамытуға ұсыныстар, кеңестер беру;

- Университеттің академиялық бағдарламаларын ұлттық және халықаралық мойындаудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;